Басты жаңалықтар
Путин Ресейдегі қарулы төңкеріске қатысты үндеу жасады
- автор kyn.kz
- 24 маусым, 2023
- 272
Ресей Президинті Владимир Путин мемлекеттің ішінде болып жатқан жағдайға байланысты бейне үндеу жолдады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Путин "Вагнер" жеке әскери компаниясы құрамындағы сарбаздарға және мемлекеттің қарулы күштеріне үндеу жасады.
"Бұл – халқымыздың тағдырын шешетін шайқас. Сондықтан барлық күштің бірігуін, жауапкершілікті қажет етеді. Бізді әлсірететін барлық дүниені, іштегі жауымыз өзімізге қарсы қолдануы мүмкін алауыздықты ысырып қою керек", – деді ол.
Сонымен қатар ел президенті әскерилерге қарсы шыққандардың әрекетін "мемлекеттің ту сыртынан пышақ ұру" деп бағалады.
"Халқымызды, мемлекетті кез келген қауіптен, оның ішінде іштегі сатқындардан қорғайық. Бұл – нағыз сатқындық. Жеке адамдардың қызығушылықтары сатқындыққа алып келді, елге және халқына деген сатқындыққа, сонымен қатар "Вагнер" сарбаздары мен қолбасшылары көз жұмған ортақ мақсатқа деген сатқындық", – деп қосты.
Сөз соңында Путин төңкерісті қолдаған барлық азаматтың жазаға тартылатынын хабардар етті.
"Ресей әскері қарулы төңкерісті ұйымдастырғандардың көзін жою туралы бұйрық алды", – деді Путин.