Басты жаңалықтар
"Сен – келін, мен – ене" деп санасып отырмаймын: Лидия Кәденова келінімен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты
- автор kyn.kz
- 26 маусым, 2023
- 596
Лидия Кәденова: Қатып қалған қағидалармен өмір сүрмеймін
Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова келінімен арасындағы қарым-қатынасы туралы "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қатып қалған қағидалармен өмір сүрмеймін. Еркіндікті сүйемін. Қолымнан келгенше келініме қолғабыс етуге тырысамын. "Сен – келін, мен – ене" деп санасып отырмаймын. Жағдайым келіп тұрса, немерелерімді де бағып, шайымды да өзім құйып іше берем.
Қазақ "Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті" деп бекер айтпаса керек. Дидарымнан көрген қызығым – Дияр мен Дәлилә атты қос немерем бүгінде бар өмірімнің мәні. Бар тілерім – балаларымның амандығы. Солардың қызығын көрсем деп Алладан ұзақ өмір тілеймін.
Өйткені, Дидарым – жалғыз. Сол жалғызымды жалғыз өзім жүріп жеткіздім. Енді ұлымның қуанышына куә болып, қасында ұзағырақ жүре тұрсам деген үлкен арманым бар. Алладан жалғыз-ақ тілерім – осы", - деді актриса.
Сонымен қатар актриса сұхбат барысында келініне қолынан келгенше көмектесуге тырысатынын жасырмады.
Естеріңізге сала кетейік Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден танымал блогермен шаңырақ көтеріп, некесі сәтсіз аяқталған. Дидардың Алғашқы некесінен ұлы бар. 2021 жылы ол екінші рет отбасын құрған еді.