Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғат Ерғалиев: Мұқтаж жандарға үй алу үшін кредит беру керек

Талғат Ерғалиев: Мұқтаж жандарға үй алу үшін кредит беру керек
ашық дереккөз
Қазақстанда 2,5 миллион адамның өз үйі жоқ. Құрылыс материалдары қымбат. Көпшілігі сырттан тасымалданады. Баспаналы болуға арналған жеңілдетілген бағдарлама жоқтың қасы. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев бизнес форумында айтты, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Ресми деректерге сүйенсек Қазақстанда 19 мың құрылыс компаниясы бар. Оның бүгінгі таңда тек 6 мыңы жұмыс істеп тұр.
"Бүкіл жерде сатып алу шарттары қысқарыпжатыр. Мүмкіншіліктер азайды. Сондықтан ең маңызды мәселе – сол мұқтаж азаматтарымызды қаржыландыру, кредит беру. Өйткені олар жалақыдан-жалақыға дейін күн көреді. Жинауға мүмкіншілігі жоқ", - дейді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар