Басты жаңалықтар
Толқын Тұрарбекқызы: Әлем жарыма қарсы соғыс ашса, артында тұрып оғын алып беремін
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2023
- 858
Әншінің жары: Бұрыңғы Толқын болғанда етегі жасқа толып, жанын қоярға жер таппай отыратын еді
Төреғалидың келіншегі Толқын Тұрарбекқызы күйеуіне қатысты қаралаулар мен даттағандарға қалай төтеп беріп жүргенін жазды. Сөзінше ол қайта Төреғалиды даттағандар үшін Алладан кешірім сұрап жүр екен, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
"Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін" деген сөздер менің жүрегімде жатталып қалған.
Иә, бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ, Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал, қазір менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр. Сағыңды сындырмай, өзгелердің алдында иілдірмейтін Аллаға сансыз шүкірлер.
Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам бұл күндер мен үшін отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі, жарымды одан да қатты бағалап кеттім. Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз... Тіпті жарымның дауысын есітіп жүруім-Алланың нығметі екенін сезбеппін.
Алла қосқан жан-жарыма айтылған әр сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас. Бірақ, Алла менің жүрегіме одан да үлкен мейірім, оданда үлкен сенім беріп қойғанын осы күндерде түсіндім. Даттаған әрбір пенде үшін кешірім тіледім.
"Зор сауаптар-зор сынақпен келеді" сондықтан Алланың біз білмейтін, біз көрмейтін даналығына шүбәсіз сенемін.
Жүрегімде орын алған тыныштық пен саған ғана тәуелді болуым сенің шексіз мейірімің"-деген Төреғали Төреәлінің келіншегі Толқын Тұрарбекқызы.