Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Тобығы мен омыртқасы сынған": Астанада 60 жастағы ана зейнерке шығар алдында үйі өртеніп далада қалды (видео)

"Тобығы мен омыртқасы сынған": Астанада 60 жастағы ана зейнерке шығар алдында үйі өртеніп далада қалды (видео)
ашық дереккөз
Амангүл Молдахметова: Таңғы 7-де өрт болып, терезеден секіріп әрең тірі қалдым
Астана маңындағы саяжай тұрғыны Амангүл Молдахметова  "бір жыл еңбек етсем, зейнетке шығамын" деп жүрген шағында қолындағы жұмысқа жарамсыз қос баласымен бірге жалғыз баспанасы өртеніп, далада қалып отыр. Алпыс жастағы ананың екі баласы да жұмысқа жарамсыз екен. Бірі құрлыста жүріп  мүгедек болып қалған. Екінші баласы кәмілет жасына толмаған. Маусым айының екісі күні таңғы уақытта Астана әуежайының оң бетіндегі "Пригородный" саяжайындағы Молдахметова Амангүл тұратын үйде тоқ сымдарының тұйықталуынан өрт шығып, қабырғасы ағаш үй жанып кеткен. "Үй ысып кеткен сияқты болды. Қарасақ өртеніп жатыр. Терезеден қашып шығып үлгердік. Құжаттарды да түгендеуге мұрша болмады" ,-дейді үйінің тек іргетасы қалған ана. Амангүл Молдахметова  соңғы бірнеше жылдан бері Астана әуежайының еденін жуып, тазалықшы болып жұмыс істеген. Бір айлығымен үйінің  коммуналдық шығындарын төлеп, екі баласын жалғыз асырап жүрген. Күйеуі 18 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Үйінің күлі көкке ұшып, бүгінде бір бөлмелі пәтерді ағайын-туыс берген ақшаға жалдап отырған ана келесі айда "не жеп, қайда тұрамыз" деген уайыммен жатыр. Омыртқасы мен тобығы сынып, жұмыс істей алмайтыны есіне түссе көз жасына ерік береді. Елге алақан жайып көрмеген ана амалдың жоқтығынан қайырымды адамдардан көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, тілсіз жау үйін жалмаған күні ауруханаға түсіп ота жасатқан. Тіпті ауыстырып киетін киімін де алып үлгермеген.  Басының аман қалғанына шүкір еткен ана, осыдан аяққа тұрсам жұмысымды істеп кетер едім деп құлшынып отыр. Оған сынған тобық пен омыртқа қазірге мүмкіндік берер емес. Көмек қолын созам деушілерге: Аманкүл Молдахметова Букешовна Каспий, Телефон: +7 701 128 62 92  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар