Басты жаңалықтар
Атырау облысында зейнеткер әкесін ұрып өлтірген 38 жастағы ер адам ұсталды
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2023
- 265
Атырау облысының 38 жастағы тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, деп хабарлайды Astanatv.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық жанжалдың неден туындағаны әзірге белгісіз. 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қарамастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.
Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша (қасақана дене жарақатын салу салдарынанадам өліміне әкеліп соққан іс-әрекет) тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сот медициналық сараптамасы жасалды.
"Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір-біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.