Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кәріс қызы Түлкібасқа келін болып, ата-енесіне қызмет етіп, қазақ тілін үйреніп жүр

Кәріс қызы Түлкібасқа келін болып, ата-енесіне қызмет етіп, қазақ тілін үйреніп жүр
ашық дереккөз
Сәкен Суджинмен қалай танысып, үйленгенін екі ел арасындағы құдалық байланыс жайлы айтып берді
Сәкен Оңтүстік Кореядан Суджин есімді аруды сүйіп, Қазақстандағы өз ауылына келін етіп әкелген. Олардың беташар тойын дүйім қазақ жұрты  желіден тамашалап, бірі сенетінін, бірі сенбейтінін жазып жатты. Ақ орамал тағып, әулеттің үлкендеріне иіліп сәлем салған кәріс қызы Суджин Ли. Осыдан екі ай бұрын Түлкібас ауданы Амангелді ауылындағы қазақ отбасына келін болып түсті. 26 жастағы ару ислам дінін қабылдап, қазақтың барлық жөн-жоралғысымен беташар рәсімі өтті. Келіннің бетін әулеттің үлкен енесі ашты. Қолына ақ құсын қондырған қазақ жігітің есімі Сәкен. 5 жыл бойы Оңтүстік Корея елінде жұмыс істеген. Оның ата-апасы, әкесі мен анасы ұлдарының бұл таңдауына қарсы шықпай, қолдапты. Бір қиыны келін қазақша білмейді. Ет асу, бауырсақ пісіру секілді жұмыстарды абысындары мен енесі жәрдем береді. Бірақ, құрбан айттың алғашқы күнінде қонақтарды құрақ ұшып қарсы алып, келіндік міндетін атқарды. Үйіндегілер де жас келінге бауыр басып қалыпты. Бауыржан ағамыз құдалардың Қазақстанға келуге ниеті бар екенін айтады. Суджиннің құжаттарын рәсімдеуде қиындық туындауда. Ал, жас келіннің Қазақстанда уақытша тұру уақыты 1 шілдеде аяқталады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар