Басты жаңалықтар
"Істі сот шешеді, мен мұнда мүлдем кінәлі емеспін": Дәулет Мұқаев жарнамалаған пәтердің сапасына тұрғындар шағымдануда
- автор kyn.kz
- 1 шілде, 2023
- 494
Жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері үйдің тым сапасыз салынғанына шағымданып депутаттан бұл мәселеге қатысты жауап беруді сұрады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Bai-Tursyn және View Park Family тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үйдің бастапқы жоба бойынша салынбағанына наразылықтарын айтуда. Сонымен қатар олар пайдалануға беру актілерінде коммуналдық қызметкерлердің қолдары мен мөрлері жалған болғанын ескерген.
Депутат Дәулет Мұқаев жарнамалаған үйден пәтер алған тұрғындар, баспананы мәжіліс депутатының сөзіне сеніп алғандарын айтқан.
Депутаттың өзі болса, аталған жайтқа қатысты былай деп жауап берді.
«Істі сот шешеді. Менің таныстарым да, туыстарым да Bai-Tursyn-да тұрады. Бұл екі жақтың келіспеушілігі, мен мұнда мүлдем кінәлі емеспін. Оларды депутат болғанға дейін жарнамаладық. Жеңілдіктер болды, біздің команданың жігіттері де сол жерден үй алды. Ол кезде пәтердің шаршы метрі 250 теңгеден болған», - деп жауап берген Мұқаев.
Келесі мақала