Басты жаңалықтар
Желіде Төреғали Төрәлінің бостандыққа шығып көлік айдап жүргені туралы ақпарат тарауда
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2023
- 445
Әнші Төреғали Төреәлі әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде көлік айдау құқығынан 7 жылға айрылған Төреғали Төрәлінің машина жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
«Әнші әкімшілік жазасын өтеп жатыр, оның көлік жүргізіп жүргені туралы ақпарат жалған», - деді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Сол күні көлік жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкінетінін айтқан.
Пабликтер ресми ақпаратта «А. есімді азамат» деп берілген көлік жүргізушінің Төреғали Төрәлі екенін жаппай жазды. Ал, Төреғали Төрәлінің қарындасы әлеуметтік желіде ағасы туралы тараған ақпараттың жалған екенін жазып, көпшілікпен бөліскен еді.
Айта кетейік кейін Төреғали Төрәлінің изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш күн қосылды.