Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда су арнасынан жас қыздың денесі табылды

Ақтауда су арнасынан жас қыздың денесі табылды
ашық дереккөз
Ақтау қаласында Валерия Шальнованың мәйіті табылды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде мәйітті тапқан балықшы жариялаған видео тарады. Видео авторының айтуынша, ол таңертең арнаға балық аулауға барған. Ол әуелі қыздың киімін байқаған, кейін су түбінде жатқан мәйітті көріп, оны видеоға түсіріп алған.
Полиция видеоға қатысты түсініктеме берді.
«2 шілде күні сағат 08:00 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласындағы көпірден алыс емес жерде су жинайтын каналдың түбінде адам мәйіті жатқаны туралы мәлімет келіп түсті»,  делінген хабарламада.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді.
Марқұм Валерия Шальнованың туыстары қызды біреу өлтіріп, суға өзі батып кеткендей етіп көрсетпекші болғанын алға тартты. Қылмыстың себебі қызғаныш болуы мүмкін. Қыздың жігіті оған жиі қол жұмсағаны белгілі болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар