Басты жаңалықтар
Өскеменде құрбысын соққыға жыққан оқушы қыздар сот үкімімен қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 8 шілде, 2023
- 337
Үш қыз құрбысын қорлап ұрып, видеоға түсіріп, оны желіге таратамыз деп бопсалаған
Өскеменде құрбысын соққыға жыққан оқушыларға сот үкімі шықты. Екі бойжеткен алдағы үш жылын темір торда өткізсе, тағы біреуі бір жылға сотталды. Кәмелетке толмаған қыздарға «алдын ала сөз байласып, бұзақылық жасау», «күш қолданып, ақша бопсалау» баптарымен айып тағылған.
"Сот істің мәнжайын және күдікті тараптың жеке басын, жәбірленушілердің пікірлерін, құқыққа қайшы әрекеттердің сипатын ескере отырып, А. және Т. есімді күдіктілерге ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша бір жыл бас бостандығын шектеу, ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Түпкілікті жаза ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес үш жылға бас бостандығынан айыру. О. есімді күдіктіні бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды",-делінген ШҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жолдаған жауапта.
Судья жәбірленуші тарапқа 9 миллион көлемінде моральдық шығын өтелгенін мәлімдеді. Тергеудің мәліметінше, наурыз айында екі жасөспірім қыз қатарласын Өскемендегі «АДК-Ривер» сауда үйінің дәретханасында оңдырмай сабап, шешінуге дейін мәжбүрлеген.
Тағы бір оқушы бұл сорақылықты телефонына түсіріп тұрған. Екінші күні қағынған қыздар таяқ жеген аруды тағы тепкілеп, видеоны интернетке саламыз деп бопсалаған. Ал жәбір көрген студент ауруханадан бір-ақ шықты. Көп ұзамай қыздардың төбелесі әлеуметтік желіде тарап, қоғам нарызылығын туғызды. Содан кейін ғана іске полиция араласты. Сотталушылардың бірінің анасы білім беру саласында басшылық қызметте істеген. Қызының масқара әрекетінен кейін ол өз еркімен қызметінен кетті.
Келесі мақала