Басты жаңалықтар
"Жылқыны талап, өлтіруге аз қалған": Шиелі тұрғыны ауылды кене басқанын хабарлап дабыл қағуда
- автор kyn.kz
- 8 шілде, 2023
- 926
Журналист: Жауапты басқарма департаменттер аудан әкімдігі бақылауды қағаз жүзінде жасайды.
Журналист Дәурен Сейітжанұлы фейсбук желісіндегі парақшасында үстін кене басып кеткен жылқының видеосымен бөлісіп жазба арнады, деп жазды KYN.KZ тілшісі
«Шиеліде жайылымда жүрген жылқы. Үсті кенеден толып тұр. Өлуге кепті.
Қансорғыш адамды да аяп жатқан жоқ. 2 шілдеде Шиеліде кене шаққан бір адам о дүниеге аттанып кетті. Былтыр да осындай қайғылы жағдай болған.
Дым сабақ алмаймыз ше…
Улайтын мекемелерде жауапкершілік жоқ. Мемлекеттік сатып алуда олар көрсеткен техникалар, препараттар түгел ме, жоқ па, дәрілерді суға жеткілікті деңгейде қосқан-қоспағанын ешкім білмейді. Жауапты басқарма, департаменттер, аудан әкімдігі бақылауды қағаз жүзінде жасайды.
Зиянкестерді улау жұмысы ақсап тұр. Мойындау керек. Жүйе жоқ. Алгоритм дұрыс емес. Ашықтық туралы айтпай-ақ қояйық.
Бірер күн бұрын жазған постымыздағы сұрақтарға атүсті жауап берілген. Креолин - Х препараты қанша тонна? Оған қанша жұмсалды? Құпия күйінде қалды. Неге?
Ал уақыт озған сайын мал-жанның мазасы қашып жатыр», - деп ойын аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




