Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық үш балуанның қан құрамынан тыйым салынған стероид табылды

Қазақстандық үш балуанның қан құрамынан тыйым салынған стероид табылды
ашық дереккөз
Биыл допинге талдама алынған үш балуанымыздың қан құрамынан тыйым салынған стероид табылды, деп хабарлайды КҮН.КЗ  тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Допингке қарсы ұлттық орталық мәліметінше, осы жылдың 11 қаңтарында грек-рим күресінің шебері Темірлан Өмірбайдан жарыстан тыс мезгілде допингке қарсы сынама алынған. Талдау нәтижесінде балуанның қан құрамында тыйым салынған стероид – мельдониум табылды. Сондықтан ол 2025 жылдың 3 наурызына дейін барлық жарыстан шеттетіледі. Мұнан бөлек, 2023 жылдың ақпан айында еркін күрес шеберлері Ұлбосын Қожамберді мен Гүлсамал Нұрланнан жарыс кезінде сынама алынып, Ұлбосынның қан құрамында фуросемид, ал Гүлсамалдың қан құрамында оралтуринабол бар болып шықты. Осыған байланысты Ұлбосын Қожамберді 2025 жылдың 3 наурызына дейін, ал Гүлсамал Нұрлан 2026 жылдың 3 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар