Басты жаңалықтар
"Ұзақ уақыт бала болмады, бірақ Али жақсы қолдау көрсетті": Роза Рымбаеваның келіні жүкітілікке қатысты қоғамнан қысым көргенін жасырмады
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2023
- 313
Танымал әнші Роза Рымбаеваның келінін Ақерке Бүркітбаева ұзақ уақыт бала көтере алмай қиналғанын "Момский әңгіме" подкастында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Жүктілікке өте үлкен жауапкершілікпен келдім. Экология да, біздің жейтін тамақтарымыз да бар. Оның үстіне мен 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сондықтан да болар 2 жылдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Бізге сәбиді біз дайын болған кезде берді. Себебі, отбасылы бола салып бірден сәбилі болсақ қазіргідей болмас еді. Барлығы мида дейді ғой, мен соған қатты сенемін. Қазірдің өзінде менің тамағым ауырып қалса, неге қазір менің тамағым ауырып қалуы маған выгодно деп өзіме сұрақ қоямын. Ол тез жазылып кетуіме септігін тигізеді. Менің ойымша, 2 жыл миымызда біз өзімізге рұқсат еткен жоқпыз", - дейді әнші. Сонымен қатар әнші бала көтере алмай жүргенде қоғамның тарапынан әртүрлі психологиялық тұрғыдан қысым көргенін жасырмады.
"Балалы болуға қатысты қысым сырт жақтан көп болды. Біз инстаграмға жарияламасақ та көп адамдар біліп жүрді. Менің тіпті инстаграмға кірмей кеткен кездерім болды, Сен қашан туасың, тумасаң орныңды босат, аналарыңызға немере керек, не істеп жүрсің деген сияқты да сөздер болды. Ондай кездер де Әли өте үлкен қолдау көрсетті. Ең бастысы екі анамыздан ешқандай қысым болған жоқ. Енем, екінші анам үнемі қолдау сөздерін айтып отыратын. Өз уақытында болады, ештеңені уайымдама, ешқашан көңіліңде сұрақ болмасын деп әрдайым қолдау көрсетті", - дейді Ақерке Бүркітбаева.
Келесі мақала