Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәдениет министрлігі Бейбіт Шүменовтің жанжалына қатысты пікір білдірді

Мәдениет министрлігі Бейбіт Шүменовтің жанжалына қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз
Астанада өткен іс-шаралардың бірінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтың төңірегінде болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Бекітілген белгілі бір этика бар. Осы бағытта спортшылармен, жаттықтырушылармен және ұлттық құрама мүшелерімен жұмыс жүргізіліп келеді. Сондай-ақ біз идеологиялық жұмыстарды да жүргіземіз. Біз Бейбіт Шүменовке қатысты ақпараттан қанықпыз. Әрине, бұл дұрыс емес әрекет, әсіресе қоғамдық орында болған», деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов. Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар қоғамға үлгі көрсетуі керек. Еске сала кетсек, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов елордадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды ұрған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кейін боксшы аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Сөйтсе, боксшы шетелде тұратын баласын Отанына алып келіп, қыдыртып жүрген. Сол кезде оны бір бала ұрып, аяғынан сүйреген көрінеді. Мәселенің анық-қанығын анықтау кезінде жайсыз оқиға болған. Полиция бөлімшесінде соққыға жығылған ер адамның Қазақстанда заңсыз жүргені белгілі болған. Ал ерекше баланың анасы, керісінше боксшыдан кешірім сұрап, тараптар жақсы тарқасқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар