"Анам не үшін мені сонша жек көреді": Мүмкіндігі шектеулі әйел баласымен далада қалды

26 жастағы әйел: Денсаулығым болмағандықтан келін болып түскен әулет пен өз туыстарым теріс айналды

ашық дереккөз

Екі жасар қызымен далада қалған Талдықорған қаласа Үштөбе ауылының тұрғыны Зәуре Мұсанова 50\50  бағдарламасынан  көмек сұрап хабарласты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 26 жастағы келіншекті қайын жұрты тіпті төркіні де жақтырмай далаға тепкен. "Кеселімнің кесірінен жақындарым жат болып, барар жер, басар тауым қалмады",-  дейді келіншек. Жалғыз қызын жетектеп барар жері болмаған соң амалсыз аурухана жағалап жүрген Зәуре Мұсанова өмірімді өксікке айналдырған ет жақындарым деп егіледі. "Көрсетпегені жоқ мені қылқындырып, сені сөйтемін, бүйтемін, сен инвалидсін деп",- деп кемсітетін дейді келіншек. Тұрмысқа шығып бағым ашылар деген ол, оңбай опық жегенін айтты. Анамнан жылулық көрмесемде, енемнен жылулық көремін деп ойлағанын жасырмады. Осылай қайын жұртына екі жыл шыдағанын айтты. Кеселінен үй шаруасына икемі болмағандықтан қайын жұрты да қабылдағысы келмеген. "Маған ондай келін керек емес, баламмен тұрмайсың. Оған басқа қатын алып берем"-, деді енем. "Қанша азапқа төзсемде перзентімнен өлсемде айырылмаймын", дейді жас ана. Қайын жұрты перзентінен бас тартуды сұраған. Өкініштісі сол туыстары бас тартып, баз кешкен Зәуренің анасына деген өкпесі қара қазандай. Анасы тіпті оған: "Неге сен өліп қалмайсың? Кет деп, киімдерімнің бәрін лақтырған",- деп көзіне жас алды Зәуре.  

Loading...