Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үйдің әр бұрышынан қанға боялған малдың басын таптым":Сиқыршы әйелімнің кесірінен туған анамды үйден қуып шықтым

"Үйдің әр бұрышынан қанға боялған малдың басын таптым":Сиқыршы әйелімнің кесірінен туған анамды үйден қуып шықтым
ашық дереккөз
Нұрғали Құдияров: Біліп тұрсаң да тілің байланып қалады. Айтқызбай тастайды. Дегенін жасатады.
Сиқыршы әйелінің кесірінен, жолы жабылып, туған анасын үйден қуып шыққанын айтып алматылық Нұрғали Құдияров  50\50 бағдарламасынан көмек сұраған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Нұрғали Құдияровтың айтуынша әйелі қара дуаның кесірінен айрандай үйыған отбасының ішіне іріткі салған. Сиқырдың кесірінен көзім байланып, жолым болмай тіпті өлімнен аман қалдым дейді ол. Әйелім өмірімді тас талқан етті деп ашынған бұл азамат жұбайының қара дуаның күшімен дегеніне көндіріп, басын айналдырып алғанын әңгімелеп берді. "Айта алмайсың, тіліңді байлап тастаған, оның арқасында қандай шайтан тұрғанын білмейсің. Үндемей сүмірейіп тұрасың", дейді Нұрғали. Сорақысы сол қу қатынның құрығына ілігіп туған анамды көшеге қуып шықтым, деп киіді ол. "Шешеммен соттастым масқара жұртқа қарайтын бетім қалмады. Қара беттің разылығын аламын деп, шешемді қуып шықтым. Әпкелерімді дуалап тастады. Қаңғырып жүр қазір. Маған шайға қосып берген, неше түрлі свечаларды жағып, киімдерді оқытқан", - дейді Нұрғали. Әйелінің теріс пиғылынан қорыққаны соншалық үрейленген азамат үйдің әр бұрышынан қанға боялған малдың басын таптым дейді. Оның айтуынша  әйелі қойдың басын оқытып, өлсін деп істеген. Бөтелкенің ішіне тиындар  мен инелер тығып  үйдің бұрыштарына қойып кеткен. Ол бәріне шыдап бақсада жұбайының опасыздығына төзе алмағанын жасырмады. "Мен Сарыағашқа бардым. Келсем есіктің алдында тұр шаштары алба- жұлба, қолы басы көгерген спирттің исі шығып тұр", деді ашынған Нұрғали.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар