Басты жаңалықтар
Алматылық әке балаларын тастап, қаңғыбасқа айналған әйелін аналық құқығынан айырғысы келеді
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2023
- 501
Қанат Оңғарбаев: Ішкілікке салынып көше кезіп кетті. Бірінші күйеуіне қайта барып, содан таяқ жер көрінген жерде жүреді
11 жыл отасқан жұбайын аналық құқығынан айырып ұл қызына алимент өндіруді мақсат еткен Қанат Оңғарбаев 50/50 бағдарламасынан көмек сұраған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Қанаттың айтуынша әйелі балаларын 5 жыл бұрын тастап кетіп, осы уақыт аралығында бірде-бір рет іздеп келмеген. Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны Қанат Оңғарбаев 11 жыл отасқан жарының неліктен балаларынан жерініп босағасынан безінгенін түсінбей дал.
"2019 жылдың наурыз айында бұл кісі үйден кетіп қалды. Бұндай жағдай бірнеше рет болды. Ұрмай-соқпай. Не айғай, не шу жоқ тастап кетті. Болды. Басқа ештеңе болған жоқ",- дейді ашынған жалғыз басты әке.
Анасы тастап кеткен ұл -- қызбен өткен 5 жыл Қанат үшін күйзеліске толы өткен.
"Баланы апардым мен. Мүмкін балаға кішкене мауқын басып бері қарай қайтатын шығар деп баланы апардым. Содан бір күні бір барсам бала артымнан қалмайды ана өзінің бірінші жолдасы ұрған. Шешесі келіп баланы әкеліп тастады. Ішіп кетті. Бір сұмдық болды. Өз анама рахмет айтамын",- деп көзіне жас алды Қанат.
Ендігі мақсаты әйелін заң жүзінде аналық құқынан айырып, алимент өндіру.