Басты жаңалықтар
Павлодарда телефон ұстаған жүргізуші пойызға соғылып, аударылып қалды
- автор kyn.kz
- 3 шілде, 2018
- 466
Апат нәтижесінде жеті адамға жедел түрде ауруханаға жеткізілді
Павлодар облысында электровозбен автобус соғысып, автокөлік аударылып түсті деп хабарлайды Павлодар облыстық бас прокуратурасына сілтеме жасаған KYN.KZ Павлодар облысында электровоз бен автобус соқтығысып, 7 адам зардап шекті. Оқиға 2 шілде күні кешкі уақытта Павлодар-Екібастұз ауданы Үшқұлын-Тоқыбай өткеліндегі темір жол бойында орын алған. Іші жолаушыға толы автобус электровозбен соқтығысып қалған.
Анықтауымызша көлік жүргізуші ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Нәтижесінде жүк вагонына соғылып, автобус аунап түскен. Болжамдарға қарағанда, автобус ішінде жергілікті кәсіпорынның 12 жұмыскері болыпты. Түрлі дене жарақатын алған 7 адам дереу ауруханаға жеткізілген.
"Оқиға орнына, 3 бригада жедел-жәрдеммен хабар түскен сәттен соң 14 минутта келіп жеткен. Осылайша 7 адамның зардап шеккені анықталған. Бір азамат жабық бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты қанағаттанарлық. Өзге 6 жолаушы амбулаториялық ем қабылдауда", — дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Нариман Шахмарданов.
Ал автобусты тізгіндеген ер адам 63 жаста екен. Бас жарақаттын дәл осы азаматтың алғанын айта кетейік. Ал «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ өкілдері хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы күзетілмейтін аумақта болған. Бірақ, жол ережесі бұзылған сәтте арнайы дабыл белгісі соғылып, электровоз жүргізушісінің тежегішті дереу басуына тура келген. Қазір бұл жайтқа қатысты құзырлы органдар тексеріс бастаған.