Басты жаңалықтар
Белгілі журналист педофилдердің көбеюіне исламшылдарды кінәлады
- автор kyn.kz
- 3 шілде, 2018
- 270
Қоқаева: Құранда жұмақта пәк xор қыздары мен бой жетпеген ұлдар шаxидтердің ләзаттарын қандырады деп жазған
Танымал журналист Айгүл Қоқаева педофилдердің көбейіп кетуіне асыра діншілдердің кінәсі барын айтып өтті. Оның сөзінше қайта Кеңес үкіметі кезінде яғни орыстанған, дін қазіргідей ушықпаған тұста адамдар бұлай азғындамаған.
"ИСЛАМ мен ПЕДОФИЛИЯ.
Кеңес заманында педофилия болса да, әр болған жағдай елді дүр сілкіндіретін. Бүгін педофилия туралы күнде еститіндей болдық.
Неге? Исламның өршігені емес пе екен деп ойлаймын. Құранда жазған жұмақта пәк xор қыздары мен бой жетпеген ұлдар шаxидтердің ләзаттарын қандырады делінген ғой.
Мұсылмандар қыздармен алысқанша ерлердің нәпсісін тиуыменен неге алыспайды екен?!
Ислам ерлерді xайуан түрінде қалдырып, әйелдер бүркеніп қорғанып жүру керек дей ме? Ұл балалар қалай қорғанады? Әлде олардың тағдыры педофилия ма?",- деп жазды журналист Айгүл Қоқаева.