Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жас ана балаларының көзінше өзіне қол салып қайтыс болды

Алматыда жас ана  балаларының көзінше өзіне қол салып қайтыс болды
ашық дереккөз
Көршілері 1994 жылы туған әйелдің үнемі жылап, таяқталып, отбасында қысым көріп, көмек сұрап жүретінін айтқан.
Алматыда жас ана өзіне қол салып мерт болды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.  Қоғам белсендісі Жібек Аменова желідегі парақшасында Мамыр ықшамауданында әйел суицид жасағанын хабарлады. Оның сөзінше әйел үш баласының көзінше асылып қалған. Көршілері марқұмның күнделікті отбасында қысым көріп, таяқталып, көмек сұрап жүретінін айтқан. Жергілікті полиция бұл қайғылы жағдайдың тіркеуге алынып, сот алды тергеу басталып кеткенін  хабарлаған. Қазір  Әуезов аудандық полициялары 1994 жылы туған марқұмның өлім себебі бойынша қарқынды жұмыс істеп жатқанын айтқан. Іс  105 бап яғни өзін-өзі өлтіруге жеткізу бойынша қаралып жатыр. Көршілері оның Қырғызстаннан келгенін, алматыда жақындары жоғын, есімі- айпері екенін айтқан.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар