Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көршісінің қызын байлап, қараусыз ғимаратқа апарған әйел ұсталды

Көршісінің қызын байлап, қараусыз ғимаратқа апарған әйел  ұсталды
ашық дереккөз
Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі қараусыз қалған жерге апарған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйелдің қайда жүргені анықталған.
Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінен ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қылмыстық кодекстің126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жұмысы жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Қарғалы ауылында жас келіншек кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, иесіз үйге апарып ұрған болатын. Кейін полиция әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар