Басты жаңалықтар
"Қиын кезеңдер болды": Тәуекел Мүслім жұбайымен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты
- автор kyn.kz
- 22 шілде, 2023
- 859
Танымал актер Тәуекел Мүслім әйелімен қарым қатынасындағы қиындықтар туралы "Осколки" подкастында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қиын кезеңдер болды. Бір-бірімізге үйренісе бастаған кез. Кездесіп жүрген шақтар ол қызықты қашанда. Түрлі бояулар. Ал тұрмыс мүлдем басқа нәрсе. Басқа атмосфера. Бірақ біз әңгімелесу арқылы осы тұрмысқа да бояу беруді үйрендік. Бұл біздің отбасымызды құтқарды деп айта аламын. Өйткені оның өз үйіне, ата-анасына кетіп қалған кездері болды. Мен де: "бір-бірімізден демалайық", - дедім.
Егер біз әрі қарай да қарым-қатынасымызды анықтай берсек, жағдай басқаша болар ма еді?! Кейін қайта сөйлесіп, арамыздағы кем-кетіктерді реттеген соң, бәрін басынан бастадық. Үлкеніміз Айтөре туылды. Кейін Әмір дүние есігін ашты. Кейде: "Біз көптен бері ұрсыспай кеттік қой", - деп әзілдейміз.
Ең жақсысы - біз бір-бірімізді түсінеміз және өмірлік ұстанымымыз бір - даму, зерттеу, қызығу. Осы нәрселер бізді қатты жақындастырады", - деді актер.
Келесі мақала