Басты жаңалықтар
Психологиялық тест: "Сізге орындықта қалай отырған ыңғайлы"
- автор kyn.kz
- 25 шілде, 2023
- 1.3k

Психологиялық тесттен өтіп, өзіңіз білмейтін мінезіңізбен танысыңыз деп жазды, KYN.KZ тілшісі.
А позициясы
Кез-келген мәселеде сіздің өз көзқарасыңыз бар. Сіз ойыңызды ашық айтып, пікіріңізді білдіре аласыз. Сіздің жаңа дүниеге жаныңыз құмар. Сіз басқалар сияқты ойламайсыз. Сіздің ерекше қасиетіңіз кез-келген пікір таласта жеңіп, тапқырлығыңызбен көзге түсе аласыз.
В позициясы
Сіз күрделі сипаттағы жансыз. Сіз өз сезімдеріңізді көрсетпейсіз, құпияларыңызды сақтауға тырысасыз. Сіз құпия сандықсыз. Жанын ешкім түсіне алмайтын өте жұмбақ адамсыз. Сіздің басқа ортаға сіңісіп кетуіңіз өте қиын, оған біраз уақыт қажет болады. Алайда осы әдетіңізді жеңіп шықсаңыз сіздің алдыңыздан үлкен есіктер ашылады. Өміріңізде де жаңа жаңалықтар көп болады.
C позициясы
Бұл нұсқаны көшбасшы болуға және бұқараны басқаруға шақырылғандар ғана таңдайды. Сізде бірінші деңгейдегі саясаткер немесе ұйымдастырушы бола алатын ерекше қасиеттер бар. Тек алған бетіңізден қайтпай аяғына дейін күресуіңіз қажет.
D позициясы
Тест сізде туа біткен стратегтың мінезі бар екенін айтады. Сізге компаниялар мен кештер ұнамайды, сіз көп уақытты жалғыз өткізесіз. Бірақ сіздің жасап жүрген әрекеттеріңіз мақсатыңызға тура апара жатқан жол. Сол себепті алған бетіңізден тайынбаңыз. Жолыңызда кезігетін бір сәттік ойын-сауықтан аулақ болыңыз.
Е позициясы
Егер кімде-кім шынайы сүйіспеншіліктің толық тереңдігін түсіне алса, онда ол сіз. Сізде өте сезімтал және мейірімді жүрек бар. Сіз бейбітшілік пен келісімге қол жеткізесіз. Сізде мүлдем зұлымдық пен жаманшылық жоқ. Кейде басқаларға деген жанашырлығыңыз өзіңізге де зиянын тигізуі мүмкін.