Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бауырларыңды әкеңді саған тапсырамын": Мұқасан Шахзадаев анасының дерті туралы білмегенін айтты

"Бауырларыңды әкеңді саған тапсырамын": Мұқасан Шахзадаев анасының дерті туралы білмегенін айтты
ашық дереккөз
Танымал әнші Мұқасан Шахзадаев "Ең алғашқы" бағдарламасында анасының дерті туралы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Ол кісіде туғаннан жүрек ақауы болған екен. Тұрмысқа шықты, бізді өмірге әкелді. Сол кезде бізге білдіртпеген. Ол кезде ауыра қоймаған шығар. Анам үшінші қарындасымды босанғанда дәрігерлер әкеме "Әйеліңізде жүрек ақауы бар. Байқаңыздар" деп айтқан екен. Жыл сайын анамның жүрегі нашарлай бастады. Мен жыл сайын Алматыға әкеліп, емдетіп тұратынмын. Кейін тіпті нашарлады. Анамның денсаулығына байланысты әкем "Алматыңа барсақ, барайық. Анаңның денсаулығы болмай қалды" деп көнді. Сөйтіп, Алматыдан үй салып, көшіріп әкелдім. Көп ұзамай анамның жүрегі қатты ұстады. Анамның жүрегіне ота жасатты. Таңғы 6-да анамды отаға әкетіп жатыр. Анашым қолымды қысып, "Балам, бауырларыңды, әкеңді саған тапсырамын. Осының бәріне қара" деді. "Олай айтпаңыз. Мен оларға қарай алмаймын. Сіз қарайсыз, сіз болуыңыз керек" дедім. Анам отадан шыққанша Алладан тіледік. Анам отадан аман-есен шықты. Отадан кейін 10-15 жыл анам жақсы болды. Өмірімізді бұрынғыдай жалғастырдық. Бірақ кейін сұм ажал өзінікін алды", - деді Мұқасан Шахзадаев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар