Басты жаңалықтар
Анасын ұрып өлтірген: Павлодар қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2023
- 615

фото:socialbites.ca
Павлодарда пәтерден күштеп өлтірілген 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, Лермонтов көшесіндегі пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Пәтер иесінің денесінде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлтіру белгілері болған.
"Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
“Перизат Қайраттың артында кім тұрған”: ҚМА өкілі жауап берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қыркүйек, 2025