Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйінде соққыға жығылған сәтіндегі видео әлеуметтік желіде тарады

Әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйінде соққыға жығылған сәтіндегі видео әлеуметтік желіде тарады
ашық дереккөз
Фото: Криминальный Казахстан телеграм арнасынан алынған
Фото: agugai.kz сайтынан алынған
Тыңдармандарына "Қызыл раушан" әнімен танылған Ұланғасыр Қамиев   тойда өнер көрсетіп кейіннен белгісіз адамдардың соққысына жығылғанын видеосы желіде тарап кетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Келеңсіз жағдай Үшарал қаласында орын алған. Желіде тараған ақпаратқа Жетісу облысының полиция департаменті өкілдері түсініктеме берген. "29 шілде күні Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйдегі әртістің бірі той қонақтарымен төбелесіп қалды. Әншінің Ұланғасыр Қамиев екені айтылуда", - деп жазылған видео сипаттамасында. Бейнежазбадан алдымен жас әншінің тойда өнер көрсеткенін байқауға болады. Ал кейінірек көшеде жас жігітті құлатып, оны ұрып-соққан сәт көрсетілген. Жетісу облыстық полиция департаменті Алакөл аудандық полициясына бұл оқиға бойынша шағым түспегенін хабарлады. Анықтау барысында тойдың халал өткені, бірақ өнерпаздың мерекелік шарада ішімдік ішкені расталды. "Қазіргі уақытта құқық бұзушы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440 бабы, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді департамент өкілдері. https://youtube.com/shorts/LdRNOW6UJ0c?feature=share Әзірге әнші бұл жағдайға байланысты ешқандай мәлімдеме жасамады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар