Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Риза болып, көңілі жадырап қалды": Олжас Сыдықбек Жүрсін Ерманның жағдайын біліп қайтты

"Риза болып, көңілі жадырап қалды": Олжас Сыдықбек Жүрсін Ерманның жағдайын біліп қайтты
ашық дереккөз
Фото: Олжас Сыдықбектің инста парақшасынан алынған
Танымал породист Олжас Сыдықбек ауырып жатқан Жүрсін Ерманның жағдайын сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Жүрсін ағаға сәлем бере үйіне келдім. Хал сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастархан жайды. Қызыл-күрең шәй үстінде отырып біраз өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның “Деген екендерін” айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедураларын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды пародист. Ал Олжастың  оқырмандары болса  Жүрсін Ерманның тезірек жазылып кетуін тілеп, жарыса жазып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар