Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дархан Кәлетаев Қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Дархан Кәлетаев Қоғамдық даму министрі болып тағайындалды
ашық дереккөз
Кәлетаев бұған дейін Дін істері және азаматтық қоғам министрі болған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызменті. Д.А. Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындау туралы Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын.   Қазақстан Республикасының  президенті  Н.Назарбаев. Дархан Калетаев 1972 жылғы 10 қазанда туған, қазақ, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған. 2018 жылғы 4 сәуірдегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болған.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар