Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісінің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісінің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөз
Осы жол көлік оқиғасының нәтижесінде жеті адам түрлі жарақат алған.
Павлодар облысында пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Екібастұз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Светлана Подзорованың айтуынша, науқастың жағдайы орташа. «55 жастағы автобус жүргізушісінің миы шайқалған. Ол жабық бассүйек ми жарақатын алды. Оған барлық тиісті көмек көрсетіліп жатыр», - деді Светлана Подзорова. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның сөзінше, жол көлік оқиғасының нәтижесінде жеті адам түрлі жарақат алған. Жеті адамның үшеуі амбулаторлық ем алып жатыр. Зардап шеккендердің біреуі оң жақ беті буынының жабық жарақатын алса, енді біреуі сол иығын жарақаттаған. Қалғандары жеңіл жарақат алған. ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 1- бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске сала кетейік, 2 шілде күні Екібастұз қаласының маңындағы «Үшқұлын-Тоқубай» бағытының Павлодар-Екібастұз бөлігінде жүк пойызы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Соның салдарынан автобус жолдың жиегіне шығып кетті.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар