Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Лұқпан Жолдасов орындайтын "Алтынай" әні кімге арналғаны белгілі болды

Лұқпан Жолдасов орындайтын "Алтынай" әні кімге арналғаны белгілі болды
ашық дереккөз
Фото:  Ұлықпан Жолдасовтың Инстаграмынан
«Алтынай» әнінің шығу тарихы жайлы тың деректер белгілі болды. Көпшілік Алтынай есімді арудың кім екенін осыған дейін жиі сұрастырған екен. КҮN.KZ тілшісі бұл әннің қырғыз қызына арналғанын хабарлайды.  Әннің авторы Ханбибі  Есенқараев  көзімен көрген іскер арумен қалай танысып, қалай ән арнағанын баяндап берді. «1991 жыл. Ош қаласында қырғыз халқының айтулы тұлғаларының бірі – Құрман­жан Датқаның 180 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті. Сол тойға Оңтүстік Қазақстан облысынан екі адам делегат ретінде шақырылдық. Бірі – мен. Екіншісі, облыстық атқару комитетінің хатшысы. Шынын айту керек, бұған дейін Екатерина, Елизавета деген орыстың қатын патшаларын білетінбіз. Ал шығыс халқынан шыққан, оның үстіне қырғыз бауырларымыз ұлықтаған ханшаның тойы көңілімізге ерекше бір мейрам орнатқандай болды. Жан-жақтан қонақтар келгенде белгілі ғой, оларды әрі-бері алып жүретін бір адамды бекітіп қоятыны. Маған бекітілгені Қырғызстанның арақ-шарап зауытының директоры Алтынай Сулайманова деген келіншек екен. Өзі басшылық ететін зауытта 10 мыңдай адамды басқарады. Осыдан-ақ оның мықтылығын байқай беру керек шығар. Алтынай тек шенеунік қана емес, жүрегі жұмсақ, көзінен сағынышы төгілген, мейірімді, ба­уырмал, сондай бір әдемі жан болып көрінді маған. Ошта 3-4 күн болдық. Бір-бірімізге бауыр басып қалыппыз, қайтатын кез жетіп, қоштасып жатқанда Алтынайдың көзіне мөлтілдеп жас келіп қалды. Жалпы, біздің табиғатымыздағы жоғалтқан нәрсе­міз – біреуді жақсы көру, қоштасарда көзге жас алу. Қазіргі заманда сирек кездесетін адами қасиеттер. Содан Шымкентке дейін 12 сағаттай жол жүрдік маши­намен. Жол бойы Алтынай көз алдымнан кетпеді. Қимас туы­сы­м­мен қоштасқандай сезімде келе жаттым. Ыстық та ізгі сезім­дер­­ге толы қимастық өлең­ жолдарына айналған-ды сол жо­лы», деп ақын Хан­бибі Есенқа­рае­ва­ еске алды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар