Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақтарға күйеу бала болған кәріс жігіт мұсылман дінін қабылдады

Қазақтарға күйеу бала болған кәріс жігіт мұсылман дінін қабылдады
ашық дереккөз
 Фото: Назым Жұматаева мен Джон Хеджин жеке мұрағат
Назым Жұматаева Оңтүстік Кореяда нәпәқасын тауып, сол жақтың азаматына тұрмысқа шығады. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы өзінің ең үлкен арманына қол жеткізді, Назым күйеуінің ислам дінін қабылдауына себепкер болған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бүгінде Назым мен Оңтүстік Корея азаматы, этникалық кәріс Джон Хеджин бір шаңырақ астында үш бала тәрбиелеп отыр. Жерлесіміз отбасымен қазір Индже қаласында тұрады. "Күйеуіме ислам дінін қабылдаса деген ойымды осыдан екі жыл бұрын айтқанмын. Ол әуелден қарсы болған жоқ. Міне, сол арманым орындалып, күйеуімнің мұсылмандыққа өткенін үлкен қуанышпен атап өттік. Осы мақсатымызды орындау үшін арнайы Астана қаласына отбасымызбен бірге келдік. Мұнда бізді әкемнің жеңгесі жылы қабылдап, туыстарымыз қонақ қылды. Күйеуімнің ислам дінін қабылдағанына орай дастархан жайылып, мәре-сәре болдық. Жолдасым отқа май құйып, мұсылманша неке қидық", - дейді Назым. Сонымен қатар әулеттің үлкендері Назымның күйеуі мен кіші қызына азан шақырып, қазақша ат қойды. "Күйеуім маған қамқор боп жүрсін деген ниетпен үлкендер "Қамқор" есімін берді. Ал кіші қызыма азан шақырып, Саяна есімін қойдық. Күйеуіме өзінің жаңа есімі де, күн сайын көркейіп жатқан Астана қаласы да қатты ұнады. Тіпті, болашақта Қазақстанға келіп тұруға да қарсы еместігін жеткізді. Елден жырақта жүрсем де, өзімнің қазақ екенімді ешқашан ұмытпаймын. Қазақтың барлық салт-дәстүрін ұстанамын, қазақтың ұлттық тағамдарын да жиі дайындаймын. Балаларым да қазақша түсінеді, бірнеше сөздерді айта алады. Енді күйеуім де мұсылмандық жолға түсіп, жоғым түгелденгендей, іздегенім табылғандай күй кешіп жүрмін", - деді Назым.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар