Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда Ақкенттегі өрт салдарынан әйел кісі қайтыс болды

Алматыда  Ақкенттегі өрт салдарынан  әйел кісі қайтыс болды
ашық дереккөз
Өрттен зардап шеккендер саны 43-ке жеткен
Алматыдағы 16 қабатты үйден шыққан өрт кезінде  43 адам зардап шеккен. оның ішінде аса ауыр жарақат алған әйел кісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазір өрт шыққан үйден құтқарылған 4 бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы төрт бала ауруханадан тексеруден өтіп, емханаға ем қабылдауға кеткен. Үш баланың ата-анасы жатып ем алудан бас тартып, үйлеріне қайтқан. 12 ересек адам қаладағы көппрофильді стационарларға жеткізілді. Олардың бесеуі ем алу үшін жайғастырылған. Қалғандары алғашқы медициналық көмектен кейін өз тіркеуі бойынша үйден емделуге кеткен. Көптеген тұрғынға өрт болған жерде жедел жәрдем қызметі көмек көрсеткен. Ақкент шағынауданындағы 54-ші үйдегі өрт кезінде оқиға орнына 23 жедел жәрдем қызыметі барған. Олардың 5-еуі интенсивті терапия бригадасы",-деп жауап берді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар