Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шүменовті босатып жіберген бірнеше полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Шүменовті босатып жіберген бірнеше полиция қызметкері жұмыстан қуылды
ашық дереккөз
Шүменов шу шығарғаннан кейін еш шара қолданылмаған. Тек желідегі жұрт шу шығарған тұста барып құзырлы орган қызу қанды боксшыны іздей бастады. Бірақ ол кезде Шүменов шекара асып кеткен болып шықты.
 Халықаралық іздеу жарияланған боксшы Бейбіт Шүменовтың ісі бойынша бірнеше полицей жұмыстан шығарылды.
Есіл аудандық полиция басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі  Sputnik Қазақстан  басылымына сілтеме жасап.
Тексерістің нәтижесі бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды. Ал жергілікті полицияның жұмысын ұйымдастыруға жауапты бас учаскелік инспектор мен кезекішілік бөлімінің жедел кезекшісіне ескерту берілді. Екеуі де қызметіне толығымен сай емес деп танылды.
"Есіл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Ал аудандық басқарманың бастығына сөгіс жарияланды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен жанжалдасып, оған бірнеше рет соққы жасаған. Видео әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
Шүменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Боксшының өзі қашып кетті. Қазір оған ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар