Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда оқушының телефонын тартып алған тұрғын үш жылға қамалды

Атырауда оқушының телефонын тартып алған тұрғын үш жылға қамалды
ашық дереккөз
Сұғанақ оқушылардың бағалы затын қорқытып алу әрекетіне досымен бірге ақылдаса отырып барған
Атырау соты оқушының бағалы мүлкін тартып алған екі сұғанақтың ісін қарап, қатаң жаза үкім етті, деп жазды KYN.KZ. «Атырау қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 191 бабы, 2 бөлігі, 3 тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала ұйымдасып алып бөтеннің мүлкін тонауы) бойынша айыпталған екі ер азаматтың ісін қарады. Сот отырысы барысында айыпталған адамдардың 2018 жылдың ақпан айында №22 мектеп оқушыларының «Самсунг А3» маркілі телефондарын қорқытып, тартып алғандығы белгілі болды. Осы әрекетінен соң олар Амандосов көшесінің бойына шығып, сонда «Батыс-15» патрульдік полиция бөлімі қызметкерлерінің қолына түскен. Келтірілген шығын 75 мың теңгені құрады. Сот оларды кінәлі деп тауып, айыпкерлердің бірін 3 жылға бостандығын шектеп, 200 сағаттық жұмысқа жегу жөніндегі үкім шығарды. Екінші айыпкердің іс-әрекетінен рецидивтік белгілерді байқаған сот оны 3 жыл бас бостандығынан айырды»,-деп хабарлады Атырау қаласының №2 соты  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар