Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мақтанатын жағдай емес": 88 жастағы кейуана жүк көлігін жүргізіп жүр

"Мақтанатын жағдай емес": 88 жастағы кейуана жүк көлігін жүргізіп жүр
ашық дереккөз
Елімізде 88 жасында жүк көлігін жүргізетін әйел адам бар. Қарт кісі туралы мәлімет әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

"Мен 1936 жылғымын. Құдай қаласа, амандық болса келесі жылы 89-ға келемін. Құдайға шүкір, ескі көлігімді 5 500 млн теңгеге сатып,  осы жаңа машинамды 7 500 млн теңгеге алғанмын. Қазір үш кредитім бар. Осы көлікті ақша қосып алдым ғой. Машинаның прицепін де несиеге алғанмын. Ресейге барып, ағаш әкеліп жүрміз. Жолдағы полицейлерге мың да бір рахмет! Органда жүрген балалар мені «апа» деп сыйлайды. Мені сыйлаған адамды Құдай бақытты етсін! «КамАЗ» көлігімен жолға шыққанда қасымдағы жүргізушілердің қалғып кетпеуін де қадағалап отырамын", – деді кейуана. Желі қолданушылары болса: "Алла қуат берсін мақтанатын жағдай емес мынаны үкімет көріп әйелдердің зейнет жасын 70-ке апарып жүрмесін", "Бейнетпен өткен ғұмыр. Не керегі бар қартайғанда, ертең -ақ бәрі қалады ғой", "Сіздің жасыңызда демалу керек, балаларыңның,немере щөберенің қызығын көріп.Мына ісіңізді қаламаймын, денсаулық болса үй жүмыстары жетерлік", деп ойларын ортаға салды.  

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар