Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Соншалықты ғашық болғам ғой": Сабиркин не себепті ерте тұрмысқа шыққанын айтты

"Соншалықты ғашық болғам ғой": Сабиркин не себепті ерте тұрмысқа шыққанын айтты
ашық дереккөз
Танымал блогер Сабиркин  не себепті 19 жасында тұрмысқа шыққанын "Мамский әңгіме" подкастында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

"Мен тез, аяқасты жолықтырдым махаббатымды. Бұның бәрі қалай болып кетті деген ойлар өзімде де болды. Әкем менімен сөйлеспей қалды... Мен әкемнің қызы болдым. Мен ол үшін әлі кішкентай қыз болдым. Барлығы мама арқылы шешілетін. Ұрысса да анам арқылы айтып жіберетін. "Күйеуге бермесеңдер, мен қашып кетем", - деп мен де тұрып алдым. Соншалықты ғашық болғам ғой. Ғашық болғандықтан, маған бәрібір болды. Үйдің еркесі болып өскен соң шығар", - деді актриса. Сонымен қатар сұхбат барысында  актриса тіпті тойда да ата-анасының жүздерінде қуаныш болмағанын айтты. Ол бұны қыздарын әлі кішкентай санап, тұрмысқа дайын емес деп қорыққандарынан деп атап өтті. Бірақ қазір әкесі мен күйеу баласының қарым-қатынасы өте жақсы екенін атап өтті.  

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар