Басты жаңалықтар
Жаңаөзенде сал ауруына шалдыққан баланы емдемек болып массаж жасағандар, керісінше оның аяғын сындырып алды
- автор kyn.kz
- 11 тамыз, 2023
- 6.5k
Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті орталықтың лицензиясы жоқ екенін және мамандарда сертификат болмағанын анықтады
Жаңаөзенде сал ауруына шалдыққан балаға емдік шара жасамақ болған мамандар, бүлдіршіннің аяғын сындырып алған, деп жазды KYN.KZ тілшісі informburo
жаңалықтарына сілтеме жасап.
Жарақаттанған 5 жастағы Жеңісбектің әкесі, сол мамандардың жауапсыздығынан онсыз да жарымжан баламның аяғы 2 сантиметрге қысқарып қалды дейді. Ал медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті орталықтың лицензиясы жоқ екенін және мамандарда сертификат болмағанын анықтаған.
Ерлан Әбітбеков жыл басында сал ауруына шалдыққан ұлы Жеңісбекті массаж орталығына емдік дене шынықтыру курсын қабылдау үшін апарған.
Бір курс үшін орталықтағылар 125 мың теңге ақы алыпты. Алғашында емді әйел адам жасағанын, артынша оның жолдасы жалғастырғанын айтады. Алайда, орталықтағылар сүйегі сау баламның аяғын сындырып берді дейді шарасыз қалған әке.
"Екі аяғының ортасына ісулер пайда болды. Біз барып ескерту жасадық, мынаны қатты жасап жатсыңдар деген кезде, “егер результат керек болса, балаңызды аяқтан тұрғызғыңыз келсе, ары қарай алып келе беріңіздер, жақсы болады” деді. Жарты сағаттан кейін Сымбат звондады. Балаңыздың аяғын Еркін сындырып алды, тездетіп келіңіз деді. Барғаннан кейін қарасам аяғына бірдеңе орап қойған. Қалай болды десем күш салып сындырып алдым",-дейді әкесі
Ерлан Әбітбеков Бірақ бұл оқиғадан кейін жарты жыл уақыт өткен. Алғашында кінәсін мойындаған азамат енді басын алып қашып отыр дейді Ерлан Әбітбеков. Бауыр еті баласы үшін алаңдаған әке ауруға сырқат қосып берген адам әлі күнге дейін жазаланбады деп ашулы. "Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына барып арызданған болатынмын. Бұл жерде ешқандай қылмыстық іс жоқ, ол әдейі сындырған жоқ деп жауап берді. Менің баламның аяғы 2-3 сантиметрге қысқарып қалды. Өйткені, операция жасаған кезде сүйекті мінгестіріп салып жіберген",- дейді әкесі.