Солтүстік Қазақстанда Антикор тексерісінен кейін текшеметріне 1000 теңге болған ауыз су бағасы 175 теңгеге түсті
- автор kyn.kz
- 13 тамыз, 2023
- 3.9k
Солтүстік Қазақстанда антикор тексерісінен кейін бірнеше ауылдағы ауызсу бағасы арзандады. Мысалы, Асанов халқы кубометріне 1000 теңге төлеп келген болса қазір 175 теңге төлейді, деп жазды KYN.KZ тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстандағы 50 ге жуық ауылда су бағасы 16-87 процент аралығында арзандады. Бұл жөнінде облыстық жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жетекшісі Сергей Перов брифингте айтты.
Мысалыға, Мағжан Жұмабаев ауданындағы жиырма ауылда су бағасы орташа есеппен 150 теңгеге түсті. Бұған дейін осы жерлерде облыстағы ең қымбат баға болған. Қызылжар ауданындағы Асановта судың кубаметрі 1000 теңге еді.Жемқорлыққа қарсы агенттік тексерісінен кейін әкім Булаевтан су тартып, бағаны 175 теңгеге түсірді.
«Біздің ұсынысымыздан кейін облыс әкімі «Бір өңірге-бірдей баға» пилоттық жобаны қолға алды. Бұл халыққа ауызсудың бағасын теңестіріп береді»,-деді Сергей Перов.