Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы полицейлер жалаңаштап, видеоға түсіріп алған

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы  полицейлер жалаңаштап, видеоға түсіріп алған
Дүйсенованың инстаграмынан алынды
Журналистің үстінен не себепті қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталуына қатысты жаңа ақпараттар айтылды. Журналист Самал Қабышева әріптесінің басынан өткен жағдайды баяндап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қабышеваның жазбасына сай Дүйсенованы ұстаған полицейлер оны жалаңаштап, видеоға түсіріп алған.

Сандуғашты не үшін қамады? Айтсам, күлесіздер... Сандуғаш жалған ақпарат жазып, не болмаса біреуден ақша алып, ұсталған жоқ. Ондай иттік жасаса мен де бұл жерде сіздерге оны жақтап,  шырылдамас едім. Сонымен, не үшін Сандуғашты қамады.

 

Бар болғаны Сандуғаш адам өлтірген қылмыскердің ақпаратын жариялаған. Және ЖСН-і көрсетілген дейді. Сол түрмеде адам өлтіріп, 16 жылға сотталған адам менің жеке ақпаратымды жариялады деп, арыз жазыпты. Біздің полиция қылмыскердің арызы негізінде Сандуғашты ұстап,  бірақ қамаған. Іш киімін шештіріп, видеоға түсірген. Мен бұл әрекетті Сандуғаштың сағын сындыруға жасалған іс деп түсінемін, - деді журналист.

Самал Қабышеваның айтуынша,  ЖСН-і  тарағаны үшін арыз жазған адам бұл сәтке де мән бермеуі мүмкін деп есептейді. Оның ойынша, журналисттен кек алмақ болған адам бар болуы мүмкін.

«Президентіміз Тоқаевтан Сандуғаш ісін жеке бақылауына алуын сұраймын. Қоғамдағы әділетсіздікпен күрескен адам біреудің кек алуы үшін бұлай азап шекпеуі керек. Ол түрмеде болмауы керек, бұл жер оған арналмаған. Ол - қылмыскер емес. Ол - кісі өлтіруші емес. Ол қоғам қайраткері. Ол әділетсіздікке шыдай алмайды», – деп жазады Самал Қабышева.

Еске салайық, 11 тамызда Талдықорған полициясы журналист Сандуғаш Дүйсенованы ұстады. Полиция оны "Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу" (147-бап) бабы бойынша айыптаған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар