Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қызылорда тұрғыны жаңа туған ұлына Нұрпрезидент деген есім қойды

Қызылорда тұрғыны жаңа туған ұлына Нұрпрезидент деген есім қойды
ашық дереккөз
Нұрпрезидент есімін иеленген бала жас ата-ананың шаңырағында дүниеге келді. Қазір Шиеліде тұрып жатыр
Қызылорда облысында ата-ана баласына ерекше ат қойды. Осы жылдың 29 наурызында облыстық перинаталдық орталықта Нұрпрезидент дүниеге келді.
Қазір сәби Шиеліде 26 жастаға ата-анасымен бірге тұрып жатыр.
"Біз ата-аналардың қатысуынсыз тіркеу жүргіземіз. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе электронды үкімет порталы арқылы туған баланы тіркеуге өтініш береді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қалалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі. Перинаталдық орталықта күніне 60-70 бала дүниеге келеді. Өңірде балаларға көбінесе мұсылманша аттар қойылады, деп хабарлады тіркеу бөлімі. "Облыста Нұрсұлтан Назарбаевтың аттастары бар. 2015-2017 жылдары Нұрсұлтан деген есім жиі қойылды", — деп толықтырды мамандар. Өткен жылдың қарашасында елордада жаңа туған балаға ЭКСПО-ның құрметіне Бәйдiбэкспо деген ат қойылды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар