Баян Алагөзованың тұңғышы отбасына деген махаббатын жеткізді
Танымал продюсердің үлкен қызы Айсәуле Бақытбек желіде анасы мен Айаруға деген ыстық сезімдерімен бөлісті деп хабарлайды KYN.KZ Айсәуле желіге анасының кішкентай қызы Айаруға аяғы ауыр кезіндегі суретті салып, анасына жүктілік жарасатынын айтты. Сонымен қатар, сіңілісіне деген сағынышын да жеткізді. Ол: "Суретте анам Айаруға жүкті. Менің ойымша анама аяғы ауыр болған жарасады, сола емес пе? Шындығында Айару туылғаннан кейін мен шағын депрессияға ұшырадым. Маған мені енді жақсы көрмейтіндей болып көрінді, сондықтан барынша өзме назар аудартуға тырыстым. Киімдерімді жинап кетіп қалатынмын, қаштым, тығылдым. Ата-анамның маған ең қымбат сыйлықты сыйлағанын түсінбеппін. Менің ойымша біз есейген сайын бір-бірімізге жақын болып барамыз. Айару шетелге кетті, енді анам екеуміз оны сағынып отырмыз", - деп жазды.
Ал желі қолданушылары болса Айсәуленің отбасына бақыт тілеп, тілектерін жазып жатты. Тіпті кейбіреулері "Әкең туралы да жазшы", - деп қолқа салды.Публикация от Aissaule💋 (@aissaulebakytbek)
Келесі мақала