Саясат
Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі жаңа қызметке тағайындалды
- автор kyn.kz
- 14 тамыз, 2023
- 3.8k
Мұхтар Бескенұлы елші болды
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Аустрияда елші болған Әлібек Әсетұлы Бақаев лауазымынан (ол Словенияда да елші болған) босатылды.
Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Келесі мақала