Үндістанның Пенджаб штатында әкесі 16 жастағы қызының үйге қонбағанын біліп, бауыздап тастаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі Mk.ru сайтына сілтеме жасап
Бұл жағдай басқаларға сабақ болсын деп қызының денесін мотоциклдің артына байлап, сүйреген.
Бұл ақпаратты жергілікті басылымдар растады.
Үндістанда қыздардың құқығы мен тәрбиесі басты орында болғандықтан, әкесі үшін оның далада жүргені ұятты жағдай туындатқан. Сонымен қатар ешкім қызының істегенін қайталамауы үшін оны көшеде мотоциклмен сүйреп жүрген.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әлеуметтік желіде ер адамның мотоциклмен мәйітті сүйреп бара жатқан видеосы тарады. Полиция бейнебақылау камераларынан әкесі қызының денесін теміржолға лақтырып жатқанын көрген.
Қылмыскер куәгерлер болған жағдайды полицияға хабарлаған соң бір күннен кейін қамауға алынды. Алайда ер адам істеген ісіне еш өкінбейді.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




