Алматыда Ақкенттегі өртте халықты құтқарғандар марапатталды
- автор kyn.kz
- 16 тамыз, 2023
- 2.6k

Алматы әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл туралы Алматы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Ерлігі үшін" медалімен келесі азаматтар марапатталды:
Тілеужан Ахметханов, "Expo Masters" ЖШС менеджері;
Гюнай Шюкрю, "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі;
Эльдар Исмаилов, "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі;
Йерделен Халил, "Gask Construction" ЖШС автокран операторы;
Кенан Мамедов, "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі;
Вадим Романов, "Frank-Asia" ЖК автокранының операторы.
Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматтарға алғыс айтты. "Бұл қайғылы оқиға халқымыздың өзгелер үшін бей-жай қарамайтынын, жанашыр әрі тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні оны айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін", - дейді Ерболат Досаев. Сонымен бірге қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Челах мерзімінен бұрын бостандыққы шығуы мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 тамыз, 2025
Тарихи саммит: Тоқаев Аляскадағы кездесуге қатысты пікір білдірді
- авторkyn.kz
- 16 тамыз, 2025