Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

8 баладан 48 немересі бар: Мақтаралда 108 жастағы әжей тұрады

8 баладан 48  немересі бар: Мақтаралда 108 жастағы әжей тұрады
Әжейдің үлкен келіні 70 жаста. Бүгінде енесіне қызмет етіп отыр

Ғасырдан да ұзақ жасаған әжейдің 8 баласынан 48 немере, 70 шөбере және 35 шөпшек тараған. Тыл ардагері Азиза Сердалиева 1915 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауылында дүниеге келіп, Мырзашөл ауылына келін боп түседі. Ерімен екеуі көп жылдар бойы мақта зауытында еңбек еткен. Ал әжейдің тұңғыш келінінің өзі 70-ке жақындаған. Несібелі Сердалиева осыдан 53 жыл бұрын Азиза әжейге келін боп түскен, деп жазды KYN.KZ тілшісі Түркістан арнасына сілтеме жасап.

"Мақта зауытында еңбек етті. Кейін ол зауыт құрып кетті ғой. Мен келгенде жас-жас, 45 жаста еді", - дейді әжейдің үлкен келіні. Немерелерінің айтуынша, Азиза әжей қайратты шағында ұзатылған қыздарының жасауын түгелдей өз қолымен жасаған. "Құрақ көрпе тігіп, кілем тоқитын еді. Киім тігіп, тоқыма жасайтын. Қыздары тұрмысқа шыққанда, кілем тоқып, киіз басатын", - дейді әжейдің немересі Гүлнар Сердалиева.

Бүгінде әжейдің кіші келіні қос бірдей немересінің көңілін тауып отыр. Ол ұлдарына: "Болашақ келіндерге бір емес, үш ене барын айтыңдар", - деп ескертіп қойған. "Қара шаңыраққа келгеніме 19 жыл толды. Апам мен әжемнің тәрбиесін алып, өсіп-өніп келміз. Бес перзентім бар. Осыларды өсіруге екі енемнің еңбегі сіңді, өсіріп берді. Өзіміз қызметтеміз", - дейді кенже келіні Нұргүл Сердалиева.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар