Басты жаңалықтар
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынды
- автор kyn.kz
- 17 тамыз, 2023
- 1.4k
Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор арқылы бүгінде еліміздің бірқатар өңірінде 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Олар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған мектептер.
Жалпы қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.
Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Басты жаңалықтар
Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




