Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үш рет ұрды": Актриса Әсел Асқар өзін кәсіби спортшы жігіт соққыға жыққанын айтты

"Үш рет  ұрды":  Актриса  Әсел Асқар өзін кәсіби спортшы жігіт соққыға жыққанын айтты
assel.askar insta
Әсел Асқар: Өзге ұлт өкілі маған танысы мен ақшасы көп екенін ескертіп, бәрін сатып алатынын айтты

Блогер видеоүндеу жариялап, «Рояль» фитнес клубында ер адам – грек-рим күресінен чемпион, кәсіпқой балуан өзін бетінен бірнеше рет ұрғанын, қазір оның тарапынан қоқан-лоқы көріп жатқанын айтты, деп жазды KYH.KZ тілшісі. 

Әсел Асқар қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.

«Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (»Ұрып-соғу«) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (»Ұсақ бұзақылық«) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.

«Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - деп атап өтті Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметінен.

 

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар