Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" басшылығын жазалауды талап етті

Депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" басшылығын жазалауды талап етті
Ашық дереккөзі
Халық қалаулылары "Арселор Миттал Теміртау" АҚ басшыларын жауапқа тарту керегін айтып Бас прокурорға жүгінді.

Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Құдайберген Бексұлтанов "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы апатқа қатысты бірлескен мәлімдеме жасады. Олар компания басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Депутаттардың айтуынша, көмір шахталарындағы жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ өндірісте еңбек ететін жұмысшылардың бей-берекет қысқартылуы осындай қайғылы оқиғаның орын алуына себеп болып отыр.

"Бұған дейін Amanat партиясының депутаттары қаражат үнемдеп, отандастарымыздың өліміне әкеп соқтырарлық шешім қабылдайтын компанияның топ-менеджментін – шетелдік азаматтарын қылмыстық жауапқа тартуды талап еткен еді.

Бірнеше ескертуге қарамастан, трансұлттық компанияның басшысы Миттал мырза отандастарымыз апатқа ұшырамауы, жарақаттанбауы және қаза таппауы үшін тиісті шара қабылдауға мүлдем тырыспады.

Біз бұл сөзімізді үкіметке қарата айтып отырмыз: есеп айырысатын кез келді – Миттал мырзамен жолымыз бір емес! Онымен қоштасатын уақыт келді!", – делінген мәлімдемеде. Бұл ретте халық қалаулылары Бас прокурорға жүгініп, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ басшылығын жауапқа тартуды талап етті.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар