Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Смайылов "АрселорМиттал Теміртаудағы" аудиттерді жеделдетуді талап етті

Смайылов "АрселорМиттал Теміртаудағы" аудиттерді жеделдетуді талап етті
inform.kz
Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасындағы апаттың себептерін жан-жақты тексеру үшін комиссияның жұмысын сапалы қамтамасыз етуді және зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Әлихан Смайылов тиісті шешім қабылдау үшін ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да жүргізіліп жатқан өнеркәсіп және экологиялық аудиттерді жедел аяқтауды талап етті.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өрт әлі сөндірілмегенін атап өтті.

"Температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және өндіріс орнының қолжетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған. Қазіргі уақытта өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспа өртенді. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. 222 кенші жер үстіне шығарылды. Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты бес кенші қалып қойды. Оның үшеуінің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тағы екі кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар